Жаңалықтар

Париждің қақ ортасына қазақстандық спортшылардың фотосы ілінді (видео)

Қазақстандық спортшылар бейнеленген фотосуреттер ілінді

Қазақстанның Франциядағы елшілігінің территориясында Париж Олимпиадасында бақ сынайтын ұлттық құрамаға арналған фотокөрме ашылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көрмеге бокс, дзюдо, теннис, таэквондо, семсерлесу, күрес, көркем гимнастика және велоспорт секілді спорт түрлерінен қатысатын қазақстандық спортшылардың суреттері ілінген.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды.