Жаңалықтар

"Астана" велокомандасы жарысқа Қытай туымен шыға ма?

Бұл сұрақты спорт журналисі Иван Резванцевты қызықтырды

Жалпы айтқанда, "Тур де Франс" турнирінде "Астана" велокомандасы соңғы орынға жайғасыпты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Турнир кезінде қазақстандық велокоманда мен қытайлық көміртек өндірісімен айналысатын компания арасында келіссөздер жүргізілген. Қытайлар да өз кезегінде клубқа қыруар ақша салған. 

Келісім жобасы кемінде бес жыл бойы ұзақ мерзімді инвестициялауды және әлемдік турдың жетекші командалары деңгейінде қаржыландыруды мақсат етеді. 

"Astana Qazaqstan Team" бас менеджері Александр Винокуров инвесторды көптен бері іздеп жүргенін мәлімдеді. "XDS" компаниясы сонымен қатар техникалық серіктес те болады.