Ерлер

Лига кубогы: жартылай финалда қай клубтар ойнайды?

Лига кубогының жартылай финалында ойнайтын командалар анықталды

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша футболдан Лига кубогының жартылай финалында ойнайтын клубтар анықталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Турнирдің 1/2 финалдық кезеңіне "Жеңіс", "Қайрат", "Елімай" және "Астана" командалары шықты.

Жартылай финалдық матчта "Жеңіс" – "Қайрат" (10 тамыз, 18:00, Қарағанды) және "Елімай" – "Астана" (11 тамыз, 20:00, Семей) клубтары ойнайды. Жауап матчтар 30 қазанға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің жүлде қоры 450 миллион теңге. Сондай-ақ топтық кезеңнің нәтижесі бойынша клубтар бұл турнир аясында қанша табыс тапқанын жазған болатынбыз.