Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы дебюті жайлы пікір білдірді
Қазақстандық футболшы жаңа клубтағы дебюті туралы айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов өзінің Instagram парақшасында даниялық "Силькеборг" клубындағы ресми дебютінен кейін мәлімдеме жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
21 шілдеде Қазақстан құрамасының 26 жастағы футболшысы Дания чемпионатының бірінші турында "Сеннерйюске" қарсы бастапқы құрамда шықты. Бірақ 59 минутта Рамазанды ауыстырды.
Айта кетейік, Рамазан Оразов маусым айының соңында "Ақтөбемен" қош айтысып, "Силькеборгтың" ойыншысы атанған болатын. 2023 жылдың екінші жартысында қазақстандық словениялық "Копер" клубында да өнер көрсетті