Балоев жекпе-жегін Ресейде өткізеді
Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Балоев 24 шілде Мәскеуде өтетін «Hardcore Boxing» турнирі аясында ресейлік Виталий Кудуховқа қарсы жекпе-жек өткізеді,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Али Балоев соңғы рет рингке 2023 жылдың қыркүйек айында шыққан болатын. Ол жекпе-жекте франциялық боксшы Сирил Макиадамен күш сынасты. Сол кезде бірінші ауыр салмақта WBO Global титулын жеңіп алды.
Айта кетейік, Виталий Кудухов кәсіпқой рингте 7 жекпе-жек өткізіп, 6 жеңіске жетіп, бір рет жеңіліске ұшыраған.