Ерлер

Бундеслигада ең жоғары жалақы алатын футболшы кім?

Алғашқы ондықта тек "Бавария" футболшылары жайғасқан

Capology порталы Бундеслигадағы (Германия чемпионаты) ең көп жалақы алатын 10 футболшының тізімін жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бір қызығы – жоғары жалақы алатын ойыншылардың ондығында тек "Бавария" ойыншылары топтасқан. Көш басында шабуылшы Харри Кейн тұр.

  1. Гарри Кейн – 25 млн еуро;
  2. Мануэль Нойер – 21 млн еуро;
  3. Томас Мюллер – 20,5 млн еуро;
  4. Лерой Сане – 20 млн еуро;
  5. Йозуа Киммих – 19,5 млн еуро;
  6. Серж Гнабри – 18,8 млн еуро;
  7. Леон Горецка – 18 млн еуро;
  8. Кингсли Коман – 17 млн еуро;
  9. Маттейс де Лигт – 16 млн еуро;
  10. Майкл Олисе – 13,5 млн еуро.