Жаңалықтар

Париж олимпиадасына "671" есімді спортшы қатысады

Олимпиада-2024 ойындарына ерекше есімі бар қытайлық спортшы қатысады

Биылғы жылғы Олимпиада ойындарының қатарына жаңа спорт түрі қосылды. Ол - "брейкинг" деп аталады. Өзге елдің қатысушыларымен қатар, бұл дисциплинаға қытайлықтар да қатысады,- деп хабарлайды dopmedia.kz.

Ең қызығы қытайлық спортшы Лю Циньи өзінің есімін қытай тіліндегі сандық жүйеге өзгертіп, Париждегі жарыста "671" деген есіммен қатысады. Жеңіске жеткен жағдайда панельде қытайлықтың аты-жөні әріппен емес, санмен белгіленеді екен. 

Айта кетейік, "671"-дің бұл спорт түрінен жеңіске жету ықтималдығы жоғары, себебі спортшы бұған дейін брейкингтен күміс жүлде иегері атанған болатын.