"Рахмет" футзал клубы чемпионаттан шығып қалды
"Рахмет" футзал клубы биылғы маусымда өнер көрсетпейді
Футзалдан Қазақстан-2024/25 чемпионатының басталуына дейін турнирге бір клуб қатыспайтыны белгілі болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Futsal Kazakhstan ақпараты бойынша, "Рахмет" футзал клубы чемпионаттан шығып қалды. Еліміздің футзал қауымдастығы барлық қазақстандық клубтарға чемпионатқа қатысуға өтінім беруді сұраған. Бірақ та ақтөбелік "Рахмет" клубы жауапсыз қалды. Сол себепті олар биылғы маусымға қатыса алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, "Рахмет" футзал клубы 2019 жылы құрылған болатын. 2021 жылы "Рахмет" ел біріншілігіне жолдама алды.