Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан, Иран және Аргентинамен ойнайды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында бес бақылау матчын өткізеді.
Оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталады. Оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталады. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасады,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі KFF.KZ сайтына сілтеме жасап.
Екінші ОЖЖ барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамыз күндері «Сайран Аренада» ойнайды.
Сосын Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйек күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында өтеді. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.
Қазақстан құрамасының жолдастық кездесулерінің күнтізбесі:
22 және 24 тамыз
Қазақстан – Тәжікстан
«Сайран Арена» СК, Астана
30 тамыз және 1 қыркүйек
Қазақстан – Иран
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
7 қыркүйек
Қазақстан – Аргентина
«Алматы Арена», Алматы