Ерлер

"Қайраттың" қарсыласы үшінші дивизионға ұшып кетті

"Бордо" футбол клубы үшінші дивизионға түсіп қалды

Францияның алты дүркін чемпионы "Бордо " қаржылық қиындықтарға байланысты Францияның үшінші дивизионына ауысатынын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Клуб бақылаушы органның шешіміне шағымданудан бас тартты. Бұл ретте "Бордо" клубы маусым басталғанға дейін қаржылық реттеуші ұйымдарына өз бюджетінің егжей-тегжейін ашуы қажет болады. Әйтпесе, клуб төртінші немесе бесінші лигаға түсіп кетуі мүмкін.

Осылайша, "Бордо" клубы кәсіби статусынан айырылды. Францияның үшінші, төртінші, бесінші дивизиондарында өнер көрсететін клубтардың дені жартылай кәсіби мәртебеге ие.

Айта кетелік, УЕФА Еуропа лигасының 2015/16 жылғы іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" футбол клубы "Бордоға" қарсы кездесу өткізген болатын.