Еуро-2024: Португалия тарихында 8-рет плей-офф кезеңіне шықты Getty Images

Енді 26 маусым күні чемпионаттың үшінші турында Португалия Грузиямен кездеседі

Португалия құрамасы қатарынан 8-рет Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Роберто Мартинес шәкірттері топтық кезеңнің екінші матчында Түркияны ойсырата жеңді, есеп – 3:0.

Бірінші тур ойынында португалдықтар Чехияны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Екі ойында алты ұпай жинаған құрама келесі кезеңге тікелей жолдама алды.

Голдар: 

0:1 – 21 Бернарду Силва, 0:2 – 28, автогол Акайдин, 0:3 –55 Бруну Фернандеш.

Түркия құрамасы: Байындыр, Челик, Бардакджи, Акайдин(Демирал, 75), Айхан (Юксек, 58), Кадыоглу, Чалханоглу, Кекчю (Языджи, 46), Акгюн (Гюлер, 70), Актюркоглу(Йылдыз, 58), Йылмаз.

Португалия құрамасы: Диогу Кошта, Жоау Канселу (Семеду, 68), Пепе (Антониу Силва, 83), Рубен Диаш, Мендеш, Бруну Фернандеш, Бернарду Силва, Пальинья (Рубен Невеш, 46), Витинья (Жоау Невеш, 88), Рафаэл Леау (Нету, 46), Роналду.