Қазақстан азаматтығын алған футболшы "Арсеналдан" кетеді
Александр Зуев қостанайлық клубқа ауысты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Александр Зуев жақын арада ресейлік "Арсенал" клубымен қош айтысып, қостанайлық "Тобыл" сапын толықтырады деп күтілуде. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі "Серый Cardinal" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Александр Зуев ҚР азаматтығын алғанға дейін Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамасында өнер көрсеткен.