Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар Олимпиададағы бәсекесін ертең бастайды

25 шілдеде спортшылардың алғашқы легі өнер көрсетеді

25 шілдеде қазақстандық спортшылар Олимпиададағы алғашқы бәсекелерін бастайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Парижде өтетін байрақты бәсекеде бірінші болып садақ атудан Қазақстанның ерлер командасының өкілдері шығады.

Жарыс бағдарламасының бұл түрінен ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғайды.

25 шілдеде жеке жарыстар басталады. Спортшылар рейтингтік раундтан өтуі тиіс, оның қорытындысы бойынша олимпиадалық турнирдің келесі кезеңінің жеребесі тартылады.

Плей-офф кезеңі 30 шілдеде басталады.