Жаңалықтар

Хабиб салық комитетінің астында дауда қалды

Атақты файтерге қатысты іс қозғалды

Ресейде UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовке салық төлемегені үшін іс қозғалды,-деп хабарлайды dopmedia.kz. Дағыстан Республикасы салық басқармасының мәліметінше, спортшының қарызы 79 376 334,14 рубльге жеткен.  

Салық қарызына байланысты Нурмагомедовке Ресей аумағынан шығуға тыйым салынған.

Дағыстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың қазан айында Джастин Гэтжиге қарсы өткізіп, содан кейін спорттық мансабын аяқтады.