Ерлер

"Ордабасының" жеңілісі тарихи нәтижеге жол ашты

"Дифферданж" клубы тарихи рекорд орнатты

Кеше, 23 шілдеде УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік "Ордабасы" сырт алаңда люксембургтік "Дифферданж" клубына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Люксембургте өткен ойында "Дифферданж" клубы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осы жеңісінің арқасында "Дифферданж" клубы еурокубоктық матчтардағы өзінің 80-жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бөлек – "Дифферданж" клубы қазақстандық команданы жеңген тұңғыш люксембургтік ұжым ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, қарымта кездесу 1 тамызда Шымкентте өтеді.