Үлкен теннис

Зарина Дияс Варшавада сенсация жасады

Қазақстандық теннисші "Челленджер" турнирін сәтті бастады

Дияс кортта польшалық теннисші Мартина Кубкамен кездесіп, үш сеттің нәтижесі бойынша 3:6, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ойын 2 сағат 59 минутқа созылды.

Айта кетейік, осыған дейін Зарина «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, негізгі айналымға өте алмаған еді.