Жаңалықтар

Франция тағы да Олимпиада ойындарын қабылдай ма?

2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша, 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Франциядағы Альпі тауларында өтетін болды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

Осылайша Франция төртінші рет қысқы Олимпиада ойындарын қабылдамақ.

Айта кетейік, соңғы рет қысқы дода 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп еді. Еліміз ол жылы еш жүлдесіз оралды.