Футбол

"Жүлде қоры 2 миллион теңге": ҚФФ спорт журналистеріне жүлде тағайындады

Жыл соңында "Үздік спорт комментаторы" жүлдесі табысталады

Бүгін, 24 шілдеде Астанада спорт журналистері мен комментаторларының арналған кездесу өтті. Жиын барысында Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Ермұхаммед Мәулен қараша айында "Үздік спорт комментаторы" және "Үздік спорт журналисі" сыйлығы табысталатынын айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Сондай-ақ Ермұхаммед Мәулен бұл марапатқа байланысты ақпарат алдағы уақытта толыққанды жарияланатынын айтты.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов спорт комментаторлары мен журналистері БАҚ саласына қатысты түрлі жүлделерден шет қалып жүргенін, сондықтан осы жүлдені тағайындап жатқанын жеткізді. Ал бұл жүлдені үлестіру, үздіктерді анықтау мақсатында арнайы комиссия тағайындалатынын да мәлімдеді 

Сонымен қатар бұл жиынға қатысқан спорт комментаторлары мен журналистері көкейдегі мәселелерін ортаға салып талқылады. Оның ішінде сөз тазалығы, футболдан Қазақстан біріншілігінің сайтындағы статистикалық көрсеткіштерді жаңғырту мәселесі де талқыға түсті.