Ерлер

Өзбекстан құрамасы Еуропа чемпиондарынан айласын асыра алмады

Париж Олимпиадасындағы футбол бәсекесі басталды

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында футболдан Өзбекстан мен Испания құрамалары кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

С тобында өнер көрсететін Испания мен Өзбекстан құрамалары арасындағы тартысты ойында испаниялықтар 2:1 есебімен басым түсті.

Ойынның 29-минутында Испания құрамасының қорғаушысы Марк Пубиль қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Ал Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов ойынның 45+3-минутында пенальтиді мүлтіксіз орындап есепті теңестірді. Матчтың 62-минутында Серхио Гомес гол соғып, испаниялықтарды алға шығарды.

С тобында Испания, Өзбекстан, Египет және Доминикан Республикасы құрамалары ойнайды. 

Париж Олимпиадасындағы футбол турнирі 24 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Финалдық матч 10 тамызда Парижде болады.