Ерлер

Өзбекстан футболшылары Парижде тарихи рекорд орнатты

The final spritzer

Футболдан Өзбекстан құрамасы тарихи рекордқа қол жеткізді

Футболдан Өзбекстанның олимпиадалық құрамасы Париждегі байрақты бәсекеде дебют жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

С тобының бірінші туры аясында Испания мен Өзбекстан құрамалары кездесіп, испаниялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойында Өзбекстан құрамасы рекорд орнатты. Матчтың 45+3-минутында Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов гол соқты. Бұл Өзбекстанның Олимпиаданың футбол турниріндегі алғашқы голы саналады. Яғни италиялық "Рома" клубының ойыншысы Эльдор Шомуродов – Өзбекстанның Олимпиаданың футбол бәсекесінде гол соққан алғашқы футболшысы.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындарындағы футбол турнирі 10 тамызға дейін жалғасын табады.