Бокс

Серікбаев VS Саенгкпак: Жекпе-жек жайлы не білеміз?

Қазақстандық боксшы Тайландта жекпе-жек өткізеді

25 шілдеде Бангкоктағы «Future Champions» турнирі аясында жоспарланған жекпе-жек 6 раундтан тұрады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Нұржан Серікбаев кәсіпқой бокстағы дебютін екі жыл бұрын өткізген болатын. Оның рекордында техникалық нокаутпен 4 жеңіс бар. Қазақстандық жеңіліссіз өнер көрсетуде.

Саенгпак өз кезегінде кәсіпқой рингте 28 жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жетіп, 9-ында жеңілген.