Жаңалықтар

ПАРИЖ-2024: Ұлттық құрама көшбасшысының қарсыласы анықталды

Дмитрий Панариннің Олимпиададағы қарсыластары анықталды

Отандасымыз әуелі 28 шілдеде жапон спортшысы Кента Нисимотоға қарсы ойнайды. Матч Астана уақытымен 11:30-да басталады. Кейін Панариннің қарсыласы – канадалық бадминтоншы Брайан Янг болады. 

Бадминтоннан барлық ойын 27 шілде мен 5 тамыз аралығында Париждегі Порт-де-ла-Шапель аренада (тағы бір атауы «Адидас Арена») өтеді. Бұл жолы 36 мемлекеттен 41 спортшы жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Дмитрий спорттың бұл түрінен барлық санаттағы олимпия ойындарында сынға түскен тұңғыш қазақстандыққа айналды.