Жанкүйерлерді жүлдемен қуантсам деймін – Қамшыбек Қоңқабаев
Қазақстандық боксшы Олимпиадаға дайындығы жайлы айтты
Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев биыл Олимпиада ойындарында екінші мәрте бақ сынайды. Токиода өткен байрақты бәсекеде қолаға қол жеткізген болатын. Ал боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Парижде жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілсем дейді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы 18 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Боксшы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, 2017 және 2019 жылдары өткен әлем чемпионатында екі мәрте күміске қол жеткізген. Сондай-ақ 2022 жылы Жазғы Азия ойындарының екінші орын алса, Азия чемпионатында төрт мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Бұл додада бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) қорғайды. Ал әйелдер құрамасынан тұңғыш аш рет үш боксшы қатысады. Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Назым Қызайбай (50 кг) сынға түседі.