ПАРИЖ-2024: Олимпиадаға хиджабпен қатысуға тыйым салынды
ҰОК тарапынан уәде етілген "гендерлік теңдік" сақталмаған секілді.
ҰОК Олимпиада ойындарына хиджабппен қатысуға тиым салды,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі skysports.com сайтына сілтеме жасап.
«Amnesty International» дереккөзінің мәліметінше, бұл мәселені қос стандартты дискриминацияға жатқызуға болады. Сонымен қатар, Париж Олимпиадасының «гендерлік теңдікті» ұстанамыз деген сөзін ауаға берілген уәде ретінде қабылдауға болатындай.
Зерттеуші Анна Блюстың ойынша, бұл барып тұрған нәсілшіл гендерлік кемсітушілікті көздейтін ереже.
Айта кетейік, 2023 жылғы футболдан Әйелдер арасындағы әлем чемпионатында марокколық Нухайла Бензина алғаш рет жасыл алаңға хиджаб киіп шығып, әлем назарын аудартқан болатын.