Үлкен теннис

ПАРИЖ-2024: Олимпиададан кейін әлем үздігі зейнетке кетеді

Энди Маррей Олимпиада ойындарынан кейін зейнетке шығатынын мәлімдеді.

Әлемдік теннисші Олимпиада-2024 ойындарынан кейін кәсіби теннистегі мансабын аяқтап, зейнетке кетеді,- деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі. 

37-жасар Уимблдон турнирінің екі дүркін жеңімпазы, жекелей сында өнер көрсеткен Олимпиада ойындарының екі мәрте алтын иегері өзінің бесінші додасына қатысады.

Маррей ерлер теннисі тарихындағы ең ұлы дәуірде адам таң қаларлық мансабын құрды. Ол үш Үлкен дулыға турнирі- екі Уимблдон және АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетіп, екі Олимпиада алтыны иегері атанып, 2016 жылғы ATP финалында мінсіз ойын көрсетіп, 14 Masters 1000 титулын жеңген жалғыз теннисші.