Кіші теннис

Үстел теннисінен құрама көшбасшысы бірінші айналымда кіммен ойнайды?

Кирилл Герасименконың бірінші айналымдағы қарсыласы анықталды

Парижде үстел теннисінен Олимпиада жеребесі тартылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Үстел теннисінен Қазақстан намысын бір ғана спортшы қорғайды. Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жекелей сында қатысады.

Алғашқы айналымда Кирилл Герасименко чилилік Николас Бургоспен кездеседі. 

Бәсекенің 1/32 финалдық кезеңінің өтетін күні кейінірек белгілі болады.