Бокс

Париж Олимпиадасы-2024: Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы

Ұлттық құрама Париж Олимпиадасы қарсаңында соңғы оқу-жаттығу жиындарын тамамдады.

Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың сөзінше жігіттер оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде өткізді. 

«Біздің боксшыларымыздың жаттығулары жоғары деңгейде өткенін атап өтуге болады. Барша жігіттер жаттығу жоспарын сәтті орындап шықты. Бастысы бәрі аман-сау, ешкімнің жарақаты жоқ» 

Қазіргі уақытта спортшыларымызға  демалыс бердік. Үйлеріне жібердік. Алайда жақын уақытта қайта басымыз қосылады. 9 шілде мен 20 шілде аралығында Түркістан қаласында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз»,-дейді Айтжанов.