Париж Олимпиадасында алғашқы рекорд тіркелді
Оңтүстік Корея өкілі садақ атудан рекорд орнатты
Оңтүстік Корея спортшысы Си Хен Лим Париж Олимпиадасында әйелдер арасындағы садақ ату бәсекесінен жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 25 шілдеде садақ атудан іріктеу кезеңі өтті. 21 жастағы Лим 72 оқты нысанаға атып, 694 ұпай жинады.
Алдыңғы әлемдік рекорд (692 ұпай) Оңтүстік Кореяның тағы бір өкілі – Кан Че Енге тиесілі болды. Бұл рекорд бес жылдан аса уақыт сақталып келді.
Садақ атудан әйелдер жарысында барлығы 64 спортшы қатысып жатыр. Олар 1/32 финалдық кезеңнен бастап бақ сынайды. Әйелдер арасында садақ ату спортынан Париж Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылар жоқ.