Бокс

Боксшыларымыздың Олимпиададағы қарсыластары анықталды

Боксшыларымыз бірінші айналымда кіммен кездеседі?

Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанатына бір күн қалғанда байрақты бәсекеде шеберлік байқасатын боксшылардың жеребесі тартылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Кеше, 26 шілдеде Париж Олимпиадасында жұдырықтасатын боксшылардың жеребесі тартылды. Қазақстандық боксшылардың бірінші айналымдағы қарсыластары белгілі болды.

Ерлер командасының алғашқы жекпе-жектері:

51 кг. Самет Гюмюш – Сәкен Бибосынов;

57 кг. Сабырхан Махмұд – Хосе Кильес;

63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ибаррече Конде;

71 кг. Асланбек Шымбергенов – Зейяд Ишаиш;

80 кг. Нұрбек Оралбай – Каллум Питерс;

92 кг. Адам Олаоре – Айбек Оралбай;

92+ кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Дрисси.

Әйелдер командасының алғашы жекпе-жектері:

50 кг. Джордана Соррентино – Назым Қызайбай;

57 кг. Карина Ибрагимова – Лозада Мотта;

75 кг. Билон Атейна – Валентина Хальзова.

Айта кетейік, бокс бәсекесінің алғашқы жекпе-жектері 27 шілде басталады. Жарыстың бірінші күнінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық қарсыласымен жұдырық түйістіреді.