СЕНСАЦИЯ: Рыбакина Олимпиада ойындарына қатыспайды
Қазақстандық теннисші Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты
Әлемнің үздік төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париж қаласында өтетін Олмпиада ойындарына қатысудан бас тартты,-деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі.
Олимпиаданың ресми сайтында Рыбакина тізімнен алынып тасталған. Жекелей сында Еленаның орынына австралиялық Дарья Сэвилл шығады.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші соңғы рет Үлкен Дулыға турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, чехиялық Барбара Крейчиковаға 6:3, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберген болатын.