ПАРИЖ-2024: Олимпиада ойындарының шешілмеген мәселесі көп
Францияда қоғамдық көлік пен су тапшы
Олимпиада-2024 ойындарының қонақтары қоғамдық көлік пен ауыз суына қатысты наразылықтарын білдіруде,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Мұндай мәселеге қатысты ақпаратты Парижден тікелей ирандық тілші Сайед Джавад жеткізіп отыр.
Қоғамдық көліктердің саны аз және әуежайдан қала орталығына дейін қатынау үлкен қиындық туғызуда екен. Сонымен қатар, қала көшелеріне қайыр сұрайтын әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың саны көп. Соның әсерінен қалада ешкім өзін қауіпсіздікте сезіне алмайды.
Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.