Париж Олимпиадасына қатысатын ең жас спортшы туралы не білеміз?
Додада бақ сынайтын ең жас және ең егде қатысушылар
Қытайлық скейтбордшы Чжэн Хаохао Париж Олимпиадасында бақ сынайтын ең жас қатысушы болып саналады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Reuters басылымының мәліметіне сүйенетін болсақ, қытайлық спортшы 11 жасында Париж Олимпиадасында өнер көрсетпек. Ол бұған дейін 2023 жылы Будапештегі іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, байрақты бәсекеге лицензия ұтып алған болатын.
Ал Париждегі төртжылдықтың басты додасына қатысатын ең егде спортшы 65 жастағы испаниялық Хуан Антонио Хименес Кобо болады. Ол бұл Олимпиадада ат спортынан сынға түседі.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында жұдырықтасатын боксшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталған болатын.