Жаңалықтар

Олимпиаданың ашылу салтанатында кім өнер көрсетеді?

Селин Дион мен Леди Гага Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетуі мүмкін

Бұл туралы RMC журналисі Тьерри Моро хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, әншілер Эдит Пиафтың «La vie en rose» әнін дуэт ретінде репетициялаған.

Париждегі Олимпиада ойындарының ашылуы 26 шілде күні қазақстандық уақытпен кешкі 22:30-да өтеді.