Қазақстандық садақ атушылар Олимпиаданы бастады: нәтижесі қандай болды? olympic.kz

Садақ атушылардың нәтижесі қандай болды?

Париж Олимпиадасында садақ атудан рейтингілік кезең аяқталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Садақ ату спортынан ел намысын Ильфат Абдуллин,  Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды.

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық садақшылардың нәтижесі:

Ильфат Абдуллин – 29-орын;

Дәулеткелдi Жаңбырбай – 22-орын;

Александр Еременко – 59-орын.

Алдағы уақытта турнир кестесі даярланып, 1/32 финалдық кезеңінде жоылғатын қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласуда. 

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында қатысқан алғашқы қазақстандық спортшылар саналады.