Баскетбол

"Астана" америкалық қорғаушымен толығуы мүмкін

Астаналық баскетбол клубында жаңа өзгерістер

БК "Астана" америкалық қорғаушы Ти Джей Старкпен келісімшарт жасау үстінде,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Осы күнге дейін Ти Джей АҚШ, Литва, Түркия, Греция мен Катар елдері клубтарының сапында ойнап үлгерген. "Эр-Райянмен" бірге чемпион болып та үлгерген. Старкстың соңғы клубы литвалық "Ювентус" болды. 

Айта кетейік, келісімшарт жасалған жағдайда Старкс астаналық баскетбол сапындағы төртінші легионер ретінде есепке алынады.