Бокс

Канело бүкіл атағынан айырылады

Сауль Альварес абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылады

Мексикалық боксшы жақын арада әлемнің абсолютті чемпионы мәртебесінен және IBF титулынан ресми түрде айырылады,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

ESPN хабарлауынша, ресми түрде бұл шешім баяғыда қабылданған – егер Канело IBF міндетті қарсыласы кубалық Уильям Скуллға қарсы рингке шықпаса, ол титулдан айырылады. Альварес WBA үміткері пуэрториколық Эдгар Берлангамен шаршы алаңда кездесуді ұйғарды – жекпе-жек 14 қыркүйекте T-Mobile аренасында өтеді.

Канело мен Берланга жекпе-жегінде WBA Super, WBC және WBO чемпиондық белбеулері бәске тігіледі.