ФСБ-мен байланысы бар аспаз Олимпиаданың шырқын бұзбақ болған
Олимпиаданың ашылу салтанатына кедергі келтірмек болған
Ресейлік аспаз Парижде тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Пәтерді тінту кезінде 40 жастағы ер адамның ФСБ-мен байланысы туралы баяндайтын құжаттар табылған. Ол қазіргі уақытта сотқа дейін қамауда отыр және 30 жылға дейін түрмеге қамалады.
Ресейлік азамат Францияда 14 жыл тұрған. Ол мишелин мейрамханаларында жұмыс істеп, аспаздық блог жүргізген және реалити-шоуға қатысты. Жергілікті биліктің мәліметінше, үй иесіне жазған хатында аспаз жоспарларын бөліскен екен: жақын арада Мәскеуге шенеунік болу үшін оралатынын айтқан.
Барлау агенттігі ер адамды ресейлік барлау офицерімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін ұстады Бұл сөйлесу барысында ол Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының шырқын бұзбақ болғанын мақтанышпен айтқан.