Жаңалықтар

Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы жүлдесі түсті

Қазақстандық мергендер Олимпиаданың қоласына қол жеткізді

Қазақстандық мергендер ел қоржынына Олимпиаданың қола жүлдесін салды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Біздің спортшылар командалық сайыста пневматикалық мылтық атудан (10 метр) үшінші орынды иеленіп, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Олимпиадалық бағдарламаның бұл түрінде ел намысын Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қорғады. Үшінші орын үшін таласта қазақстандық спортшылар Германия құрамасымен бақ сынасты. Нәтижесінде қазақстандықтар 17-5 есебімен жеңіске жетті.

Алтын жүлде үшін Қытай мен Оңтүстік Корея құрамалары таласады.