Күрес

Елдос Сметов Олимпиаданың ширек финалына шықты

Елдос Сметов жүлдеге таласып жатыр

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы екінші белдесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Елдос Сметов 1/8 финалдық кезеңде украиналық дзюдошы Дильшот Халматовпен кездесті. Нәтижесінде отандасымыз вазари ұпайымен (1:0) жеңіске жетті.

Айта кетейік, Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Торнике Цякадоеамен кездескен болатын. Екі дзюдошы негізгі уақытта өзара мықтыны анықтай алмай, қосымша уақытта Елдос қарсыласының үш рет ескерту алуына байланысты жеңіске жеткен болатын.