Әбиба Әбужақынова ширек финалға шықты
Әбиба Әбужақынова Олимпиададағы екінші белдесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы екінші белдесуінде Тайпей елінің өкілі Лин Чен-Хаомен кездесу өткізді. 48 кг салмақ дәрежесінде өткен бөлдесуде отандасымыз қарсыласын 19 секундта "иппон" әдісімен жеңді. Осылайша, дзюдошы Әбиба Әбужақынова ширек финалға шықты.
Әбиба Әбужақынова бірінші айналымда Израиль дзюдошысы Шира Ришоннан 1:0 есебімен айласын асырған болатын.