Футбол

EURO-2024: Ширек финалда кімдер кездеседі?

Еуропа чемпионатының 1/8 финалы сәтті аяқталып, ширек финалда жасыл алаңда кездесетін құрамалар белгілі болды. Олар:

Испания-Германия 

Португалия-Франция

Нидерланды-Түркия

Англия-Швейцария

Алғашқы ширек финалдың ойындары 5-шілде күні басталады. Жасыл алаңда Испания мен Германия құрамалары Астана уақытымен кешкі 21:00-де кездеседі. Ал, Португалия мен Франция ойынын түңгі сағат 00:00-де тамашалай аласыздар. 

Келесі күні, 6 шілде сағат 21:00-де Англия мен Швейцария доп таласқа түссе, 00:00-де Нидерланды-Түркия елдерінің шайқас ойынының куәгері бола аламыз.