Күрес

Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін белдеседі

Әбиба Әбужақынова ширек финалда есе жіберіп қойды

Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы үшінші белдесуінде жеңіліп қалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Әбиба Әбужақынова ширек финалдық белдесуінде испаниялық дзюдошы Лаура Мартинеске қарсы кездесу өткізді. 48 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде отандасымыз испаниялыққа қосымша уақытта есе жіберіп қойды. Енді Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдеуінде өнер көрсетіп, қола жүлде үшін бәсекеде бақ сынайды.

Айта кетейік, осының алдында 60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Елдос Сметов жартылай финалға шыққан болатын. 

Жартылай финал мен финалдық белдесулер 19:00-де басталады.