Жаңалықтар

"Атланта ойындарынан кейінгі алғашқы медаль" – ҰОК президенті Геннадий Головкин

Геннадий Головкин қазақстандық мергендерді құттықтады

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин ел қоржынына жүлде сыйлаған қазақстандық мергендерді құттықтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілші ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Айта кетейік, 10 метрге винтовкамен нысана көздеуден аралас командалық бәсекеде қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлде еншіледі.