Рыбакинаның ізін ала тағы бір теннисшіміз Олимпиадаға қатысудан бас тартты
Юлия Путинцева Олимпиадаға қатыспайтын болды
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Олимпиадаға қатыспайтын болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Юлия Путинцева алғашқы кездесуі алдында жарақат алып қалған.
Путинцеваның орнына аустралиялық Лулу Сан ойнайды.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Олимпиаданың бірінші айналымында украиналық Марта Костюкпен кездесуі керек болған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан болатын.