Күрес

Әбиба Әбужақынова жүлдеге бір табан жақындады

Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті

Паржидегі жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Жұбаныш белдесуінде Әбиба Әбужақынова парагвайлық Габриэлла Нарваезты "иппон" әдісімен жеңді. Осылайша қазақстандық дзюдошы қола жүлдеге таласады.

Дзюдодан ерлер арасында 60 кг салмақ дәрежесіндегі негізгі белдесулер өз мәресіне жетіп, жартылай финал мен финалдық кездесулер қалды. Бұл салмақ дәрежесінде бақ сынайтын отандасымыз Елдос Сметов жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригоспен кездеседі.