Хоккей

Мамбеталиев жаңа қызметке тағайындалды

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері жаңа қызметке тағайындалды,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Ғалым Мамбеталиев астаналық "Номад" хоккей клубының басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін, Мамбеталиевтің басшылығы кезінде хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Чехияда өткен Әлем чемпионатында жоғары дивизиондағы орынын сақтап қалған еді. Сонымен қатар, "Барыс" хоккей клубының басшысы ретінде де қызмет атқарған болатын.