Жаңалықтар

ПАРИЖ-2024: Велоспорттан жүлдесіз қалдық

Қазақстандық велоспортшы жекелей жарыста сынға түсті

Евгений Федоров жарыс қашықтығын 38:33:98 уақытта бітірді. Осылайша, рейтинг тізімінде 21-ші орынға жайғасты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бірінші болып мәреге бельгиялық Ремко Эвенепул жетті. Екінші орын италиялық Филиппо Ганноға бұйырды. Үшінші болып бельгиялық Вут ван Арт келді. 

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.