Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

Мемлекет басшысы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.