Халықаралық Олимпиада Комитеті Парижде өтетін олимпиада ойындарына қатысты мәлімдеме жасады.
Мұндай қауесеттер Франция Парламентінің сайлауынының бірінші кезеңінен кейін жаппай наразылық шерулерінің әсерінен пайда болды. Сонымен қатар, «Le Point» баспасөзінің жариялаған мақаласында олимпиада ойындары басталу мерзімінен 3 апта бұрын өткізілмейтіні жайлы ақпарат шығатынын жазған. Себеп ретінде Франция Президенті Эмануэль Макронның сайлаудан кейінгі азаматтық соғыстың басталу ықтималдығын болжау негізінде алынған.
«Францияға, ХОҚ-қа және оның басшысы мен Олимпиада ойындарына қарыс жүргізілген теріс ақпараттың шығуы қалыпты жайт. Бұл ақпараттар нақты фактіге сүйеніп дәлелденбеген. ХОҚ Президенті мен барша Олимпиада қатысушылары 26 шілде жарыстың басталуын асыға күтіп жүр»,- делінген Халықаралық Олимпиада Комитетінің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Олимпиада-2024 ойындары Францияның астанасы Париж қаласында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?