Ел қоржынына жүлде салған спортшы тағы да финалға шықты
Қазақстандық мерген Александра Ле финалға шықты
Қазақстандық мерген Александра Ле Париж Олимпиададасының пневматикалық мылтықпен 10 метрден атудан жекелей сайыстың ақтық сынына шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Пневматикалық мылтықпен 10 метрден атудан жекелей сайыста 43 спортшы бақ сынасты. Бұл жарыстың ақтық сынына тек 8 спортшы ғана шықты.
Қазақстандық мерген Александра Ле үздіктердің қатарынан табылды. Ол 631,4 ұпай еншілеп, іріктеу кезеңінде алтыншы орынға табан тіреді. Тағы бір қазақстандық Ирина Алтухова 627,7 ұпаймен 17-орынға жайғасты.
Осылайша, 20 жастағы Александра Ле Париж Олимпиадасында екінші жүлдесіне ие болуы мүмкін. Сенбі күні ол Ислам Сәтпаевпен бірге аралас дуэтте байрақты бәсекенің қола жүлдегері атанған еді.
Әйелдер арасында пневматикалық мылтық атудан жекелей турнирдің финалы 29 шілде күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:30-да басталады.